11 Желт 2024
Страницы KZ КГУ «Қаратубекская общеобразовательная школа» ГУ «Отдел образования Джангельдинского района» Управления образования акимата Костанайской области

Мектеп тарихы

Қаратүбек орта мектебі 1926 жылы Қаратүбек деген жерде тұңғыш рет 15 оқушыға дәріс беру ұйымдастырылды. Одан 1928 жылы «Көп ор» деген жерде екі киіз үй тігіліп, онда Айтан Ысқақов сабақ берді. 1937 жылы Тәуіш ауылының орталығынан тұңғыш рет мектеп үйі салынды. Соғыстан кейін Жаркөл кеңесінде 3 бастауыш мектеп болды. «Қаратүбекте» Мырзағалиұлы Сәрсен, «Құмшықта» Әбдібайұлы Қабден, «Тәуіште» Жармағанбетұлы Мұсағали, Сапенұлы Мәрден ұстаздық қызметін атқарды. 1949 жылы бастауыш мектеп 7 жылдық мектепке айналып, оның тұңғыш директоры Әбдібайұлы Қабден болды. Ол 1953-54 оқу жылында 7 жылдық орта мектепке айналды. Оның тұңғыш директоры Зияден Төлебайұлы болды.1955-56 оқу жылында тұңғыш орта мектеп түлектерінің директоры Алматы педагогика институтының түлегі Ғазез Әмірханұлы болды.

 Осы мектептің тұңғыш ұстаздары «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген ең жоғарғы атаққа ие болған:

1.Сәпенов Мәрден - «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі».

 «Білім беру ісінің озат мұғалімдері»: 

  1. Таласов Елжан-тарих пәні мұғалімі
  2. Нұрбеков Қазымбек-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  3. Бекетов Ғалымжан-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  4. Дауханов Мұғыден-математика пәні мұғалімі
  5. Фазылова Әсия- математика пәні мұғалімі
  6. Мұхамедьяров Қуаныш-химия пәні мұғалімі
  7. Қаржауова Ақторғай-бастауыш мұғалімі

ҚР Еңбек Қызыл ту орденінің иегері-Мұхамедқалиев Ораз-математика пәні мұғалімі. 

Торғайдан шыққан тұңғыш еңбек сіңірген спорт шебері, «еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері-Нұрғалиев Қонысқара-дене тәрбиесі пәні мұғалімі. 

Қаратүбек орта мектебінен білім алып, түлеп ұшқан, тұңғыш ғылым саласының иегерлері мен ақын жазушылар: 

  1. Мұхамеджан Дүзенов –жазушы
  2. Серік Тұрғынбеков-ақын
  3. Қойшығара Салғарин-жазушы
  4. Айсағалиев Серікбай-техника ғылымдарының докторы.
  5. Байзақов Сайлау-экономика ғылымдарының докторы.
  6. Байзақов Сәбит-ауылшарушылығы ғылымдарының докторы.
  7. Бәйімбетов Фазылхан-математика ғылымдарының докторы.
  8. Даркенов Құрманғали-тарих ғылымдарының кандидаты.
  9. Оташова Гүлсім-медицина ғылымдарының кандидаты.
  10. Мүсіров Ғалым- экономика ғылымдарының кандидаты.
  11. Қалиев Айбек-филология ғылымдарының кандидаты, доцент, айтыскер ақын.
  12. Дүйсебекова Айсауле- филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Сондай-ақ, әркез мақтанышпен атап өтетін өнер, спорт салаларында үлкен жетістіктерге жеткен мақтан етер түлектерміз де бар. Атап, айсақ  Сериков Ербол- кик-бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы, Естеков Ерлан- қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы және де осы мектеп бітіруші 20 спорт шебері бар.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар